• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 21:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Озарк» сериалы мен «Миссия невыполнима» фильмінде ойнаған танымал актер Comic Con Astana фестивалінің екінші хедлайнері атанды

turan_admin turan_admin
30.06.2025, 19:01
Қазақстан жаңалықтары
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек
20
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл фестивальге бірден үш жұлдызды хедлайнер қатысады.

Comic Con Astana ұйымдастырушылары Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестиваліне қатысушыларының есімін жариялауды жалғастыруда. Энди Серкистен кейін хедлайнерлер қатарына әйгілі америкалық актер Эсай Моралес қосылды. Ол «Озарк» және «Титандар» сериалындағы рөлдерімен, сондай-ақ Том Крузбен бірге түскен «Миссия невыполнима» франшизасының соңғы екі бөліміндегі шеберлігімен танымал.

Эсай Моралес – көпқырлы мансабымен танымал голливудтық жұлдыз. Оның актерлік жолы 40 жылды қамтиды. Ол үлкен экранда 1980-жылдары дебют жасап, культке айналған «Ла Бамба» фильмінде Ричи Валенстың ағасының рөлі арқылы кең танымал болды. Осы жылдар ішінде Моралес өзін драма жанрындағы терең рөлдерден бастап дәлелдеп, харизмасы жоғары зұлым кейіпкерлерге дейін сомдай алатынын байқатты. Осылайша, сирек кездесетін диапазондағы актер ретінде қалыптасты. Қалың көрерменге ол Netflix платформасындағы танымал «Озарк» сериалындағы антагонист Камино Дель Рионың рөлі арқылы да белгілі. Ал DC суперқаһармандық әлемінде Моралес «Титандар» сериалында Слэйд Уилсон (Дефстроук) бейнесін сомдаған.

Соңғы жарқын жобаларының бірі – Моралес басты антагонист Габриэль рөлін сомдаған «Миссия невыполнима» болды. Ол –  Итан Ханттың (Том Круз) харизмасы жоғары қарсыласы. Осы рөлі арқылы Эсай үлкен экрандағы ең әсерлі зұлым кейіпкерлердің бірі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Актер қатысқан басқа да жобалар қатарында мынадай сериалдар бар: «От заката до рассвета», «Как избежать наказания за убийство», «Каприка», «Иерихон», «C.S.I.: Майами», «Байки из склепа», «Сумеречная зона», «За гранью возможного», «Огненный сезон», «Моя семья», «Нация фастфуда» фильмдері, тағы басқалары.

2025 жылы Comic Con Astana бағдарламасын және қонақтарының географиясын кеңейтіп қана қоймай, өз тарихында алғаш рет үш хедлайнерді бірден жарияламақ. Үшінші әртістің есімін ұйымдастырушылар жақын күндері хабарлайтын болады.

Іс-шара бес күнге созылып (9-дан 13 шілдеге дейін) алғаш рет екі ірі алаңда өтеді: «Астана-Арена» стадионы мен МЛД «Барыс-Арена».

Cондай-ақ, 2025 жылғы фестивальдің хэдлайнері – британиялық актер, режиссер және цифрлық кейіпкерлерді экранға шығару саласындағы жаңашыл адам Энди Серкис. Ол – қозғалысты түсіру технологияларын дамыту арқылы кино индустриясында төңкеріс жасаған тұлға. Әртүрлі жылдары Comic Con Astana хедлайнерлері ретінде әлемдік индустрияның танымал жұлдыздары өнер көрсеткен, олардың арасында  Мадс Миккельсен, Пилу Асбек, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және басқалар бар.

Фестиваль «Astana Tourism» ЖШС Туризмді дамыту орталығының қолдауымен өтеді.

Фестиваль аясында көптеген тақырыптық аймақтар мен жарқын серіктестік интеграциялар ұсынылады. Әрбір аймақ қонақтарға ерекше әсер мен ұмытылмас тәжірибе сыйламақ.

Фестивальге жылдам тамақтану желісі I’M қайта оралады. Биылғы жылдың гастрономиялық жаңалығы –  шырынды френч-дог алғаш рет фестиваль алаңында ұсынылады. 

Perfetti Van Melle компаниясы атынан аты аңызға айналған Chupa Chups бренді қатысады. Бренд аймағында қонақтарды Chupa Chups стиліндегі әсерлі инсталляциялар күтеді. Ол – қатысушыларға сапалы әрі көркем фотолар жасауға таптырмас мүмкіндік. Бұған қоса әрбір адамды бақыт пен балалық шақтың дәмін еске түсіретін түрлі сыйлықтар мен тосынсыйлар күтеді.

Тегтер: «C.S.I.: Майами»«Байки из склепа»«За гранью возможного»«Иерихон»«Как избежать наказания за убийство»«Каприка»«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек«Моя семья»«Нация фастфуда» фильмдері«Огненный сезон»«От заката до рассвета»«Сумеречная зона»Мадс МиккельсенМайкл РукерПерси Хайнс УайтПилу АсбекШон Ганн
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.