• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер саласындағы үздік жоғары оқу орны атанды

2025 жылғы Ұлттық рейтинг нәтижесінде өнер және спорт саласы бойынша білім беретін жоғары оқу орындары арасында Қазақ ұлттық хореография академиясы үздік деп танылды.

26.06.2025
0
Қазақ ұлттық хореография академиясы өнер саласындағы үздік жоғары оқу орны атанды
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Рейтингті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) әзірлеген.

Бұл – елдегі жоғары білім беру саласындағы беделді көрсеткіштердің бірі. Рейтинг жоғары оқу орындарының академиялық беделі, білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу қызметі және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы сияқты негізгі критерийлер бойынша жасалады.

Аталмыш көрсеткіш – Академия ұжымы мен білім алушыларының қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Соңғы жылдары Академия ұлттық және халықаралық деңгейде бірқатар шығармашылық және ғылыми жобаларды табысты жүзеге асырып, заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы тұрақты түрде көшбасшы мәртебесіне ие.

Академия білім алушылары беделді халықаралық байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды еншілеп жүр. Оқу орнында тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген балалар білім алып, кәсіби тұрғыда шыңдалуда. Шәкірттер үшін жан-жақты дамуға жағдай жасалып, хореография және өнер саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандармен тұрақты түрде шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, сондай-ақ шетелдің үздік университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы білімдерін жетілдіру мүмкіндігі бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен креативті арт-индустрия саласы елімізде қарқынды дамып келеді. Осы орайда Қазақ ұлттық хореография академиясы 2025–2026 оқу жылына жаңадан ашылған «Креативті арт-индустрия» білім беру бағдарламасы бойынша құжат қабылдауды бастады. Аталған бағдарлама аясында еліміздің осы саладағы жетекші мамандары білім алушыларға дәріс береді.

Академияның басты мақсаты — хореография, өнертану, арт-менеджмент және креативті арт-индустрия бағыттары бойынша білікті кадрлар даярлап, отандық мәдениет пен өнер саласына жаңа серпін беретін кәсіби мамандардың жаңа буынын қалыптастыру. Бүгінде Академия – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда хореография өнері саласындағы жетекші жоғары оқу орны.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: жоғары оқу орныҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіөнерхореография

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты