Алматыдағы колониядан сотталған екі жасөспірімнің қашып кеткені белгілі болды. Біреуі бірден ұсталды. Ал екіншісі жасырынып үлгерді. Біраз уақыт өткен соң оны да полицей қызметкерлері ұстады. Жасөспірімнің қарақшылық үшін сотталып, жақында ғана басқа қаладан осы мекемеге жеткізілгені белгілі болды.
«Жасөспірімдерге арналған мекемеде қашуға әрекет жасалды. Сотталғандардың бірі тез арада ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп түсіндірді ҚАЖК.
Қазір екі сотталушы да колонияға оралды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 7 жастағы қызды зорлағаны үшін түрмеде отырған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қысқартуды сұраған еді.