• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

Олжас Бектенов ЕҚДБ басшысы Одиль Рено-Бассомен елімізде инфрақұрылымдық ірі жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады

23.06.2025
0
Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын
41
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Астанаға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді.

Онда көлік инфрақұрылымын, «жасыл» энергетиканы, ШОБ, ауыл шаруашылығын, ақпараттық технологияларды және басқа да салаларды дамыту жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономиканы дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға белсенді қатысатын Еуропалық қайта құру және даму банкінің рөліне ерекше назар аударуда. Біз сіздермен көптеген бағыт бойынша тығыз ынтымақтастықтамыз және өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалаймыз. Біздің назарымыз сапалы өсуді арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономикалық дамуды трансформациялауға бағытталған. Өткен жылдың өзінде біз Сіздермен келешегі зор салаларда рекордтық сомасы $935 млн болатын 25 жаңа жобаға қол қойдық. Қазақстан Үкіметі Еуропалық қайта құру және даму банкімен өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымы бойынша әріптестікті тереңдетуге дайын екенін білдіреді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өткен жылы ЕҚДБ Қазақстан экономикасына жылдық инвестиция көлемін 3 еседен астамға ұлғайтты. Тараптар 25 жобаға, оның ішінде Ақтөбеде жаңа тазарту құрылыстары мен ілеспе инфрақұрылым салу, Көкшетауда 630 төсек-орындық көпсалалы аурухана салу жөніндегі алғашқы ірі МЖӘ жобасы және басқа жобаларға қол қойды. Отандық қаржы институттары арқылы несие желілеріне кеңес беру және ұсыну арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударылды. Жалпы алғанда, ағымдағы портфелде құны $3,2 млрд-тан асатын 129 белсенді жоба бар, оның 75%-ы орнықты инфрақұрылым секторына тиесілі. Бірлескен жұмыс кезеңінде пул $11,6 млрд сомасына 340 жобаны құрады.

Кездесу барысында электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және елорданың электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету үшін Астана қаласында қосалқы станса салу жобасы қаралды. Сондай-ақ, әділ энергетикалық ауысу (Just Energy Transition Partnership) бойынша Қазақстанда елдік платформасын бірлесіп әзірлеуге назар аударылды. JETP платформасы энергетика саласына «жасыл»  инвестицияларды тартудың маңызды құралы болады.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо өткен жылы инвестиция көлемінің рекордтық өскенін атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және орнықты экономика саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті. ЕҚДБ 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.

Кездесу шеңберінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен ЕҚДБ арасында ұзындығы 234 км «Ақтөбе – Ұлғайсын» автомобиль жолының учаскесін реконструкциялауды қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылды. Жол 4 жолақты қозғалысы бар 1 техникалық санатта болады, жалпы ұзындығы – 262 км. Жоба көлік байланысын дамыту және Қазақстан аумағы арқылы транзиттік ағынды қамтамасыз ету үшін маңызды саналады.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: банкҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас Бектенов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты