Баға қалай өзгерді?
Лондон ICE биржасында Астана уақытымен сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 4,73 пайызға өсіп, 76,7 долларға жетті.
WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 4,66 пайызға өсіп, барреліне 73,53 долларға жетті.
Бұған не әсер етті?
Мұнай бағасы өсуіне геосаяси ахуал әсер етті: Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс, сондай-ақ, Ормуз бұғазының жабылу қаупі. IEA (халықаралық энергетикалық агенттік) мұнай қоры жеткілікті екенін хабарлағанымен, қазіргі ахуал мұнай бағасы өсуіне себеп болды.