Мамырдың қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 510,82 теңгеге дейін, 0,3%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 246 миллионнан 238 млн АҚШ долларына дейін төмендеген.
Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд АҚШ доллары болды.
«Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ы немесе күніне шамамен 52 млн АҚШ доллары болады», — деп жазылған хабарламада.
Ұлттық банк маусымда Ұлттық қордан 700 миллионнан 800 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжап отыр.
Ұлттық банк мәліметінше, мамырда валюта интервенциясы жүргізілмеген.