• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Бектенов ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі энергетикалық кеңестің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар басшылығы, энергетика секторы компаниялары және энергетика саласындағы сарапшылардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту мәселелеріне арналған Энергетикалық кеңестің отырысын өткізді.

22.05.2025
0
Бектенов ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі энергетикалық кеңестің отырысын өткізді
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Энергетика министрлігінің мәліметінше, елімізде белгіленген қуаты 3 ГВт-тан асатын 154 ЖЭК нысаны жұмыс істейді, бұл – жел, күн, гидро және биогаз электр стансалары. 2024 жылы ЖЭК генерациясы сағатына 7,6 млрд кВт-ны құрады. 2025 жылға қуаты сағатына 450 кВт-дан астам тоғыз ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған.

Бұл ретте, энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың баяндамасына сәйкес, «жасыл» энергетиканы дамыту бойынша көрсеткіштер белгіленген мақсаттардан асып түсті. Егер 2020 жылға жоспарланған бағдар электр энергиясын өндіруде жалпы көлемнің 3%-ын құраса, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6,4%-ға жетті. Осылайша, «Жасыл» энергетикаға көшу тұжырымдамасында бекітілген аралық міндеттерге қол жеткізілді. Премьер-министрге жел, күн, гидро және биогаз энергетикасын қоса алғанда, ЖЭК-тің әрбір бағытының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндалды. Ауқымды жобаларды іске асыру үшін халықаралық стратегиялық инвестор тарту мәселесіне назар аударылды.

Жалпы, 2030 жылға дейін жиынтық қуаты 2,3 ГВт болатын 93 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда. 2035 жылға дейін электр энергетикасын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарында кемінде 8,4 ГВт ЖЭК енгізу көзделген. 2024-2027 жылдары 6,7 ГВт-қа аукциондық сауда-саттық өткізу бекітілді, оның 3,1 ГВт-тан астамы қазірдің өзінде бөлінген. 2025 жылдың сәуірінде алғаш рет жел генерациясының ірі жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді. Қазақстанда ЖЭК секторы жоспарлы түрде дамып, мемлекет тарапынан белсенді қолдау табуда. Бүгінгі таңда ЖЭК секторын қолдау шаралары аукциондық баға бойынша электр энергиясын кепілдендірілген сатып алуды, жыл сайынғы индекстеуді, желілік алымдардан босатуды және инвестициялық преференцияларды қамтиды. Бұл қолайлы инвестициялық орта құруға, жаңа жобаларды дамытуға ықпал етеді әрі жалпы энергия теңгеріміндегі «жасыл» энергия үлесінің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр ЖЭК жобаларын қолдауды күшейтуді тапсырды. Оларды енгізу мен іске асыруға ғылыми тұрғыдан көзқарастың қажеттіігі айтылды. Ашық және болжамды тарифтік саясаттың маңыздылығы, сонымен қатар жеке сектордың ЖЭК нысандарын салу мен пайдалануға неғұрлым кең қатысуы үшін жағдай жасаудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ Олжас Бектенов инвесторлардың келуін және бастамаларды іске асыруды тежейтін әкімшілік кедергілерге жол берілмейтінін атап көрсетті.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: ҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас БектеновЭнергетика
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Жамбылда дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Жамбылда дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

22.05.2025
Тараз қаласындағы арық жүйелері жаңартылуда

Тараз қаласындағы арық жүйелері жаңартылуда

22.05.2025
Бектенов ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі энергетикалық кеңестің отырысын өткізді

Бектенов ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі энергетикалық кеңестің отырысын өткізді

22.05.2025
Шегірткеге қарсы күрес: Еліміздің 14 өңірінде 464 мың гектардан аса алқап өңделді

Шегірткеге қарсы күрес: Еліміздің 14 өңірінде 464 мың гектардан аса алқап өңделді

22.05.2025
Биыл жазда Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар қатынайды

Биыл жазда Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар қатынайды

22.05.2025
СПОРТЫҚ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

СПОРТЫҚ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

22.05.2025
«Тараз» клубында жаңа басшы тағайындалды

«Тараз» клубында жаңа басшы тағайындалды

22.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский