Бұл жаңалық туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.
«Telegram-ды соңғы жаңарту сізге ультрақауіпсіз топтық қоңырау жасау мүмкіндігін береді. Олар тек шифрланумен ғана емес, тыңдаушы ретінде жасырын қосылуға ешкімнің мүмкіндігі болмауы үшін блокчейнге ұқсас технологиямен қорғалған!» – деді кәсіпкер.
Оның айтуынша, енді қолданушы кез келген қоңырауға, соның ішінде жеке қоңырауларға сілтемелер, QR-кодтар немесе тікелей шақыру арқылы 200 адамға дейін қоса алады.
«Ал егер сізге 200-ден көп қатысушы қажет болса, Telegram топтарындағы дауыс және бейнечаттар ондаған мың қатысушыны қоса алады», – деп түсіндірді ол.