• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Каспийге қандай қауіп төніп тұр?

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияздың айтуынша, Каспий теңізінің деңгейі бірнеше өзгеріске ұшыраған

22.04.2025
0
Каспийге қандай қауіп төніп тұр?

Фото: ekipaj / Shutterstock.com

61
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінде Каспий теңізіне қатысты жұмыс отырысы өтті.

«1900 жылдан 2023 жылға дейін оның деңгейі минус 25,7 м (1900) минус 29,01 м дейін өзгерді. Яғни 1900 жылғы ең жоғарғы деңгей мен 1977 жылғы ең төменгі деңгейдің арасындағы айырмашылық үш метрден асады. 2006 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендеп келеді және қазір Каспий теңізінің деңгейі минус 29,21 м, бұл тарихи минимум», — деді министрлік өкілі.

Ведомство өкілінің сөзінше, теңіз деңгейінің төмендеуі нәтижесінде теңіз су акваториясы солтүстік-шығыс бөлігі таяздығына байланысты қысқарған.

«Климаттық және антропогендік әсерлерден өзен ағынының төмендеуі, ауа температурасының көтерілуіне байланысты  булануы  артты, аймақтағы жауын-шашынның азаюы теңіз деңгейінің төмендеуінің негізгі факторларына жатады. 2006-2023 жылдар аралығында Каспий теңізіндегі жауын-шашын 65 мм-ге азайды. Осы жағымсыз факторлардың барлығы Каспий теңізіне құйылатын судың азаюы аясында байқалады», — деді Болат Бекнияз.

Каспий теңізіне шамамен 130 өзен құяды, бірақ ағынның негізгі бөлігі Волга өзенінен келеді, бұл ағынның 80%-дан астамын қамтамасыз етеді. Жайық өзенінің ағысы жалпы ағынның 3%-нан аспайды.

«Ғылыми бағалауларға сәйкес, қазіргі климаттық үрдістер мен суды басқару режимдері сақталса, Каспий теңізі деңгейі одан әрі төмендейді деп болжанып отыр. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне жол бермеу үшін судың түсуі мен шығуы арасындағы тепе-теңдік қажет», — деді ол.

Былтыр тасқын кезінде Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 17 км³ су құйылған. Кейінгі бес жылда Жайық өзені ағынының азаю үрдісі байқалған.

«Егер барлық Каспий маңы мемлекеттерінің бірлескен күш-жігері жасалмаса, 2030 жылға қарай теңіз деңгейі ғылыми болжам бойынша минус 29,5-30,2 м-ге дейін жетуі мүмкін», — деді ол.

Тегтер: Каспий теңізіэкология

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты