• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 16:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, мультипликативтік әсері бар бірқатар ірі жобаны жүзеге асырылуын мысалға ала отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
17.04.2025, 14:37
Қазақстан жаңалықтары
Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді
75
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев негізгі экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады. Жалпы өңірлік өнім өткен жылдың соңында 2,2 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 188 млрд теңгеге жетсе, оның 122,5 млрд теңгесі өңдеу саласына тиесілі.

Премьер-министр «Алатау» индустриялық сауда логистикалық кешенін мысалға ала отырып, өңірде экономиканың жаңа өсу бағыттарын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

Қордай ауданында Қазақстан тарапындағы «Қарасу» және Қырғызстан тарапынан «Ақ-Тілек» өткізу бекеттеріне іргелес жатқан индустриялық сауда-логистикалық кешеннің (ИСЛК) аумағын аралады. Аталған жоба екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров қойған өзара тауар айналымын $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндеттері аясында жүзеге асырылуда. ҚР Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрі Бақыт Сыдықов жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстар туралы айтты. 

Бүгінгі таңда сүт, ет, жидек және көкөніс, тоқыма, фармацевтика және басқа да өнімдер өндірісі саласындағы кооперациялық жобалар үшін инфрақұрылым құрылуда. Жаңадан тауарлар өндіру және оларды халықаралық тауар өткізу жүйелеріне тиімді интеграциялау арқылы әрі қарай сату басты мақсат болып отыр.

«Romsey Holdings KZ» ЖШС индустриялық кешен компаниясының басқарушы директоры Абзал Мыңбаев индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) аумағына инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін, пластик ыдыстарды қайта өңдеу, кабельдік өнімдер мен фарфор ыдыстарын дайындайтын өндіріс орындарын ашу туралы жоспарларын баяндады. Аталған жобалар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар ИСЛК-ті Jibek JOLY арнайы экономикалық аймағының қосалқы аймағы ретінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, бұл инвестициялық тартымдылықты арттырады.

«Мемлекет басшысы таяуда өткен кеңесте ел экономикасының өсу қарқыны мен тартылған инвестиция көлемін төмендетпеу міндетін қойды. Ауқымды индустриялық сауда-логистикалық кешеннің құрылуы өнеркәсіптік өндірісті дамытуға, дайын өнімді өткізудің тиімді жүйесін құруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта инвестициядан бастап жеткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша белсенді жұмыс істеу маңызды. Жобаға жәрдемдесу үшін инженерлік инфрақұрылым мәселелерін мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ «KORCEM» ЖШС цемент зауытында Премьер-министр өңірдің құрылыс индустриясының дамуымен танысты. Өткен жылы іске қосылған кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,3 млн тонна цементті құрайды. Өнімдер ішкі нарықта сатылады, сонымен қатар Өзбекстан, Ресей және Қырғызстанға экспортталады. «KORCEM» ЖШС бас директорының орынбасары Станислав Щербаков қалдықтар мен шаң жинау құрылғылардың жоғары сүзу жүйелерін қамтитын озық технологияларды өндірісте қолдану туралы хабардар етті. Зауытта халықаралық стандарттарға сәйкес DCS интеллектуалды жүйесі енгізілді. Барлық технологиялық цикл механикалық үдерістерді басқаруға мүмкіндік беретін орталық басқару пультінен жүзеге асырылады.

Премьер-министр Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қазақстандық нарықты отандық цементпен қамтамасыз ету және экспорттық нарықтарды кеңейту ісінде зауытқа жәрдемдесуді тапсырды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: Жамбыл облысыҚордай ауданыҚР Премьер-МинистріҚҰРЫЛЫСОлжас Бектенов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.