• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Төтенше жағдайларды жою үшін өңірде 22 өрт сөндіру бекеті құрылды

Жамбыл облысында 2025 жылғы өрт қаупі жоғары маусымға дайындық қарқынды жүргізілуде.

Turan Redaktor Turan Redaktor
16.04.2025, 14:09
Облыс жаңалықтары
Төтенше жағдайларды жою үшін өңірде 22 өрт сөндіру бекеті құрылды
126
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ералы Ақылбеков және Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті  бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Азат Әбдіразақов ӨКҚ алаңында “Табиғи өрттердің алдын алу, олардың туындауына жол бермеу және дер кезінде жою” тақырыбында брифинг өткізді.

Өңірде табиғи өрттердің алдын алу және оларға дер кезінде әрекет ету бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Өрт қауіпті кезең Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасымен өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып бекітілді. 2025 жылғы 8 сәуірдегі облыс әкімінің №79 қаулысымен алдын алу шаралары нақтыланды.

Мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.
Орман және дала өрттерін сөндіру кезінде төтенше жағдайларды жою бойынша уәкілетті органдардың әрекет ету алгоритмі бекітілді.

2025 жылдың ақпан–сәуір айлары аралығында Жамбыл облысы ТЖД басшылығы барлық ауылдық округтердегі ерікті өртке қарсы құрылымдардың жай-күйін тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша аудан әкімдіктері тарапынан материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту шаралары қабылдануда.

Өрттің алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.  Алдағы уақытта автомобиль және темір жолдардың бойында өртке қарсыминералданған жырту жұмыстары жоспарлануда.

Сәуірден қарашаға дейін 3 миллион гектардан астам аумақта күнделікті әуе патрулі мен ғарыштық мониторинг жүргізіледі.

Бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылғы 24–25 сәуірде облыстың барлық аудандарында табиғи өрттерді сөндіру кезінде өзара іс-қимылды пысықтау мақсатында ТЖД, орман шаруашылығы қызметі және ерікті құрылымдардың қатысуымен өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығулар өтеді.
Мамыр айында Қырғыз Республикасының ТЖМ-мен бірлескен трансшекаралық жаттығулар өткізу жоспарланған.

Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою үшін өңірде 22 өрт сөндіру бекеті құрылды.

165 ерікті құрылым (2128 адам) алдын алу мен сөндіруге қатысады. 20 кәсіби өрт сөндіру бөлімі 106 елді мекенді қамтиды, онда 211 мыңнан астам тұрғын тұрады.

Халықпен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде.
16 мобильді топ құрылып, 20 рейд өткізілді. Құрғақ шөп пен қоқыс жағу фактісі бойынша 20 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрттің алдын алу бойынша жұмыс жалғасуда. Өңірдегі барлық өртке қарсы инфрақұрылым, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге толық дайын.

Жамбыл облысы ӨКҚ

Тегтер: Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментіӨрт қауіпсіздігіӨрт сөндіруТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.