Өрт қаупі бар маусымының басталуы. Өңіріміздің мемлекеттік орман қоры аумағын өрт қауіпті маусымы кезеңінен қорғау жұмыстары қарастырылған. Өрт қаупі бар маусымның басталуына орай, орман шаруашылығы мекемелері тарапынан дайындық жұмыстарын жүргізу.
2025 жылы Жамбыл облысы аумағында мемлекеттік орман қорында өрт қаупі бар маусым 26 наурыздан бастап белгіленді. Мемлекеттік орман қоры аумағын өрт қауіпті маусымында қорғау мақсатында тиісті дайындық шаралары жүргізілуде. Өрт қаупі бар маусымның басталуына орай, орман шаруашылығы мекемелері тарапынан келесі жұмыстар жоспарланған:
өртке қарсы техникалар мен құрал-жабдықтарды тексеруден өткізу және олардың дайындығын қамтамасыз ету;
орман шаруашылығы мекемелерінің өрт сөндіру жасақтарын оқу-тәжірибелік жаттығулардан өткізу;
өрт сөндіру әдістемелерін меңгерту арқылы қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру;
өрттің алдын алу шараларын пысықтау, орман қоры аумағында патрульдік бақылауды күшейту.
Бұл шаралар орман алқаптарында өрттің алдын алу және оның таралу қаупін азайтуға бағытталған.
Осы мақсатта, орман шаруашылығы мекемелерінің орман қорындағы орманшылықтарда 39 өрт бақылау мұнаралары, 16 дана найзағай бұрғыштар жұмыс жағдайына келтірілді. Өрт қауіпті аумақтардағы 61 бекетте тәулік бойына кезекшіліктер құру жұмыстары жүргізілуде.
Мекемелер бойынша орман қорғау қызметкерлерінен 1-ші және
2-ші типтегі орман өртін сөндіру станцияларында 380 өрт жасақшылары құрылды.
Орман өрт сөндіру станциялары: 5 бірлік өрт сөндіру автокөліктерімен, 15 бірлік Уаз-330365 АЦ-0,9 маркалы кіші кешенді өрт сөндіру автокөліктерімен, 66 дана әртүрлі маркадағы МТЗ тракторлары соқаларымен және 15 дана жартылай тіркемелі 3 тонналық өрт сөндіргіш әмбебап цистерналармен жабдықталған.
Орман қорын күзетуге патруль жасауға 72 бірлік жеңіл автокөліктер орман шаруашылығы мекемелерінде кезекшіліктер жүргізуде.
Бұдан бөлек, облыстың 3 млн 48 мың млн гектар орман қорын өрт қауіпті маусымы бойы Мойынқұм ауданында орналасқан «Қазавиа орман қорғау» мекемесінің 1 ұшағы (АН-2) және 1 тік ұшақ (AS-350) әуеден бақылау жүргізеді.
Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметі