Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімінің мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып Әйгерім Маратбекқызы Даулетбаева тағайындалды
Кеңесші қызметінің мақсаты республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамдардың заңды мүдделерін білдіру және олардың пікірін ескеруді қамтамасыз ету болып табылады.
Кеңесшінің өкілеттік мерзімі – үш жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық кеңесші бола алмайды.
Әйгерім Даулетбаева, 1986 жылы 31 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келді.
1993 жылы Б.Беспаев атындағы ауылдық орта мектебіне түсіп, 2004 жылы тәмәмдаған
2003 жылы «Мүгедектер жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде ерікті болып жұмыс бастаған.
2008-2012 ж.ж. аралығында Тараз қаласы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын бітірген.
2009-2011 ж.ж. аралығында «Қазақстан мүгедектер конфедерациясын» Жамбыл облыстық филиалында басшысы;
2011-2013 ж.ж. аралығында «Батыл Ана» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде төрағасы.
2012-2014 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Дефектолог-логопед» мамандығы бойынша жоғары білім алып, бакалавр дәрежесін иеленді.
2013-2021 ж.ж. «Нұр Бала» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2020 жылдың қаңтарынан бастап «Мүгедек Жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып сайланып, Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің құрамының мүшесі.
2021 жылы Тараз қалалық мәслихатының 7-ші шақырылым депутаты.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың құрамына еніп, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
- «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасының Президенті Қысым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен, қазан 2022 жылы марапатталды;