Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының байқау кеңесінің ұсынысымен 2025 жылғы 10 сәуірден бастап Сейдахметов Жандос Жандарбекұлы Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры лауазымына тағайындалды.
1981 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Талас аудандық орталық балалар емханасында хирург-дәрігер болып бастаған.
2006–2007 жылдары Талас аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер болып қызмет еткен.
2007 жылдан 2020 жылға дейін Жамбыл облыстық онкология диспансерінде онколог-хирург дәрігері болып жұмыс істеген.
2020–2023 жылдары осы диспансердің №1 онкологиялық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2023 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың кеңес беру-диагностикалық емханасында онколог, онкохирург дәрігері болған.
2023 жылғы қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында бас дәрігердің хирургия және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Жамбыл облысының штаттан тыс бас хирургы.
Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Үйленген, үш баланың әкесі.