Нұрдос Болатұлы 1993 жылдың 4 сәуірінде Талас ауданында өмірге келген.
2011-2015 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
2013-2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» Жамбыл облыстық филиалы «Jambyl» телеарнасында редактор-диктор, тележүргізуші;
2019-2020 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің баспасөз хатшысы;
2020-2021 жылдары «Әулие-ата» медиа-холдингі ЖШС-де SMM бөлімінің басшысы;
2021 жылы «Taraz Post» ақпарат агенттігінің атқарушы директоры;
2021-2023 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі;
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарды.