• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТОЙ ТУРАЛЫ ОЙ

Тараздық мейрамхана басшылары бас қосты

turan_admin turan_admin
01.04.2025, 17:59
Мәдениет
ТОЙ ТУРАЛЫ ОЙ
62
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Той мәдениеті тақырыбы бүгінде ел аузында жиі айтылып жүрген мәселе. Сондықтан оны реттеу тетіктерін анықтау, табу қажеттілігі де туындады. Бұл ретте Жамбыл өңірінде бірнеше айдан бері Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы нақты жұмыстар атқарып келеді. Соның бірі бүгінгі Тараз қаласындағы мейрамхана басшыларымен өткен жиын.

Кездесуді орталық директоры Жасұлан Әбдіхалық ұйымдастырып, той мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Жиын барысында Жасұлан Лесбекұлы асабалар қоғамы құрылғанын, оның төрағасы ретінде Ринат Нұрақбаев сайланғанын атап өтті. Сондай-ақ, той мәдениетін жетілдіру мақсатында методикалық кітапша жазылып жатқанын жеткізді.

Кездесуде тойхана иелеріне бірнеше ұсыныстар жасалды. Оның ішінде тойханаларда орталық қызметкерлері дайындаған, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын видеороликтер мен слайдтар көрсетілсе, тойханаға жан-жануарлар кіргізілмесе, қоғамдық тәртіп сақталуы үшін тойды бастау уақыты мен тойхананы жабу уақыты реттелсе, елге ысырапшылдықтан сақтану түсіндірілсе деген ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, асабалардың той жүргізу үлгісі тойхана әкімшілігіне ұсынылып, оны асабаларға бағыттау мәселесі де көтерілді.

«Асабалар алаңы» қоғамының төрағасы Ринат Даниярұлы той мәдениетінің ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңыздылығына тоқталды. Ол киім кию әдебі, асабалардың сымбаты, тойдағы әдептілік нормалары, ас мәзірі, сарқыт алу дәстүрі мен музыкалық таңдауға ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған кәсіпкер әйелдер ассоциясының төрайымы, «Гауһартас», «Інжу-маржан» мейрамханаларының иесі Меруерт Лештаева той индустриясында 20 жылдан астам жүргенін айтып, қазіргі кезде тойлардың ойын-сауыққа айналып бара жатқанын ерекше атап өтті. Ол жас асабаларды тәрбиелеу, асабалар мектебін ашу, тойлардың уақытылы басталуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Таразда 60 тойхана барын және оның әрқайсысында күнделікті той болатынын жеткізіп, елде кәсіби білімді асабалар тапшылығы барын да жеткізді.

Расында тойхана иелерінің мұндай басқосулары 2020 жылғы карантин кезі және одан кейінгі жағдай тұрақталғанша көп болғаны да сөзге тиек болды. Тойханашылар тарапынан той уақытын реттеуді әкімдік тарапынан ресми шешім берілсе, той беретін адамдарға талап қою да жеңіл болатынын ескертті. Әрине елді тәртіпке келтіру, мәдениетімізді жүйелеуге біз қуана-қуана ат салысамыз деген кәсіпкерлер берілген ұсыныстарды мүмкіндіктерге қарай орындауға келісіп, қолдау көрсететіндерін айтты.

20-ға жуық ресторан басшылары қатысқан жиын соңында той мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық дәстүрлерді сақтауға бағытталған нақты шаралар қолға алынатын болады.

Жиында көтерілген негізгі мәселелер мен ұсыныстар жүйеленіп, той мәдениетін қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар анықталды.

Бұл бастама қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, той мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек. Ұйымдастырушылар мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы нәтижесінде, той өткізу мәдениеті қалыптасып, ысырапшылдықтың алдын алу мүмкіндігі артады. Алдағы уақытта аталған ұсыныстардың жүзеге асуы той мәдениетіне оң әсерін тигізіп, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға септігін тигізбек.

Нұрперзент ТУҒАНБАЙ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Шәмшінің хатынан жеткен сыр: жүректен шыққан ән – елдің Әнұраны

Шәмшінің хатынан жеткен сыр: жүректен шыққан ән – елдің Әнұраны

15.08.2026, 17:10
Таразда «Тыңда дала, Жамбылды!» облыстық термешілер байқауы өтті

Таразда «Тыңда дала, Жамбылды!» облыстық термешілер байқауы өтті

13.08.2026, 20:59
Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды

12.08.2026, 11:14

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.