«Домбырашылар челленджі – бұл балалар, жастар, педагогтер мен ата-аналардың музыкалық шеберлігін танытатын және бүкіл елді домбыра үнімен біріктіретін ерекше шара. Оған барлық тілек білдіруші қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады», — дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.