Оның бірі шағын және орта бизнеске арналады.
«Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаяды. Биылдың өзінде 1,7 трлн теңге сомасына 30 мыңға жуық ШОБ жобасына қолдау көрсетіледі», — деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар, елімізде ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін жаңа қор құрылады. Ірі бизнеске арналған кепілдік қоры ірі және стратегиялық маңызды жобаларды кепілмен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің сөзінше, қор жеке әрі мемлекеттік қатысушылар үшін қаржыландырудың тартымдылығын арттыру құралы ретінде қызмет етеді.
«Холдинг жанынан кепілдік қоры құрылып, құны 7 млрд теңгеден басталатын жобаларды қолдауға бағытталады», — деді Рустам Қарағойшин.