Министрлік «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасын жасады, оған сомасы 41 трлн теңгеге 168 мыңға жуық жұмыс орнын құратын 906 инвестициялық жоба бойынша мәліметтер енгізілді. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ брифингінде айтты. Оның мәлімдеуінше, бүгінде Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Көлік министрліктерінің жобалары, сондай-ақ «Ауыл аманаты», «Серпін», «Дипломмен ауылға», «Ауыл ел бесігі» жобалары бойынша деректер енгізілді. Бұдан бөлек ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасымен интеграциялау басталды.
«Жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларының кәсіби диагностикасын көздейтін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Платформада 400-ден астам сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат бар. Оқушылар кәсіби диагностикадан өтуге, өз мансабының траекториясын жоспарлауға мүмкіндік алды. Бұл мамандықты саналы түрде таңдауға және түлектерге болашақ жұмыс орнын табуға ықпал етеді. Сонымен бірге, Электрондық еңбек биржасында кәсіптік білім беру орындары және ЖОО студенттері үшін өндірістік практиканың функционалы іске асырылады. Осы функционал студенттерге өндірістік практикадан өту орнын тауып қана қоймай, нақты дағдыларды меңгеруге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, кейіннен жұмыс табуға септігін тигізеді», — деді спикер.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі