«Атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы туралы» қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды.
«Ядролық қондырғы «Атом электр станциясын» салу ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын таңдау туралы шешім қабылдау», – деп жазылған құжатта.
Қаулы 25 ақпаннан бастап күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы АЭС құрылысында қай елдер мердігер болуы мүмкін екені айтылды.
Министрлік атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтағанын мәлімдеді.
«Росатом» мемлекеттік корпорациясы, KHNP (Корея), CNNC (Қытай) және EDF (Франция) компаниялары Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді», — деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.