Қанша көпбалалы ана бар?
2025 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша Шымкенттегі көпбалалы аналар саны — 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар — 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны — 53 936.
Кімдерге әлеуметтік төлем беріледі?
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.
«Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азамттарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады», — деп жазылған хабарламада.