• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Түркістан ерекше мәртебеге ие болады. Тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары мақұлдады.

13.02.2025
0
Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Фото: e-history.kz

285
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Сенатта Түркістанға қатысты екі заң жобасы қаралды: «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

«Қарастырылып отырған заңның мақсаты — Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді реттеу. …Туризм саласын дамыту мақсатында Түркістан қаласының әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша бірқатар құзыреттер беріледі, оның ішінде:

— туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде;

— жол бойындағы сервис нысандарын салу бойынша;

— сыйымдылығы сегіз орыннан асатын көлік құралдарын сатып алу бойынша және т.б.

Бұл түзетулер туристік инфрақұрылым мен қызметтерді одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді сенатор Бауыржан Қаниев.

Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы құрылыс мәселесі талқыланды.

«Кесене айналасындағы құрылыстың бірыңғай стандарттарын және Түркістан қаласының аумағында сәулет пен қала құрылысының бірыңғай стилистикасын қамтамасыз ету үшін нормалар көзделген. Осылайша жергілікті өкілді және атқарушы органдар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге жауапты болады», — деді сенатор.

Одан бөлек Түркістан қаласының әкімдігіне барлық санаттағы тарихи және мәдениет ескерткішті анықтау, зерделеу, сақтау, жергілікті жердің тарихи-сәулеттік тірек жоспарлары мен карта-схемаларын жасау бойынша құзыреттер берілмек.

Еске салайық, бұған дейін Парламент Мәжілісі Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын аяқтап, бірінші оқылымға ұсынуға дайын екені хабарланды. Бұл 2022 жылғы 27 қыркүйекте Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде берілген тапсырмасын орындау үшін әзірленді.

Тегтер: ерекше мәртебеТүркістан қаласы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты