Тексеріс нәтижесінде бас есепшінің 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударып, бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
«Аталған факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», — делінген прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы пара алды деген күдікке ілініп қамауға алынды.