Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Талғат Мұратов Алматы облысы Қаратал ауданы Кальпе ауылында дүниеге келген.
2007 жыл — Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын, 2015 жыл — Қазақстан инновациялық университетін, 2018 жыл — Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы «Стройдеталь» жеке кәсіпорынның атқарушы директоры қызметінен бастаған. Әр жылдарда түрлі мекемелерде басшылық қызметте болған.
2014-2018 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде бас маманнан бастап, бөлім басшысы болды.
2018 жылы Жарма ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.