Ауыл шаруашылығы саласында өңірдің жалпы өнімі жоғары нәтижелерге қол жеткізілді, жыл соңына қарай ауыл шаруашылығы өнімі көлемінде бір триллион теңгеден астам қаражат күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге көп.
Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де артып келеді. Биыл Целиноград және Аршалы аудандарында 3 сүт-тауар фермасы іске қосылды, тағы екеуі аяқталу сатысында.
«Биылғы егіншілік кезеңінде біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Өңірдің аграршылары орташа өнімділікті 14 ц/га-дан асырып, соңғы онжылдықта болмаған 6,6 млн тоннадан астам көлемде рекордтық астық жинады, мұның бәрі қажырлы еңбек, мемлекеттік қолдау және заманауи агротехнологияларды уақтылы қолданудың нәтижесі», — деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде.
Мұрат Мұратұлы жасыл энергетика бойынша алғашқы орындасыз, бірақ оны ластамайтын электр жарығымен қуатталатын қанша мемлекеттік көлік бар деген сауал жолдаған болатынбыз.
«Енді жаңа айтып кеттім Аршалыда біразы жасалынып жатыр осы Жасыл аймаққа қарсы. Курорт жерлерге ондай жобамыз бар, табиғатты ластамайтын көліктерге көшу мәселесі бар» деді Марат Мұратұлы.
Ақмола облысында «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7200 оқушыға арналған алты заманауи білім беру мекемесі салынды. Целиноград ауданы Қоянды ауылында және Көкшетау қаласында 5 мың орындық үш мектептің құрылысы аяқталуда.
«Елордаға жақын орналасқан елді мекендерде жайлы мектептер салу елордалық білім беру нысандарының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл мектептер аумағынының үлкендігімен ерекшеленеді-стандартты типтік ғимараттардан 15-20% артық, ал олардың техникалық жарақтандыру деңгейі әдеттегіден төрт есе артық», — деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Қосшы қаласында қосымша 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Жақын арада Біржан сал ауданының Бұланды ауылында, Сандықтау ауданының Петровка ауылында және Целиноград ауданының Жаңажол ауылында осындай мектептерді пайдалануға беру жоспарланған.
Мектепке дейінгі білім беру де белсенді дамып келеді. Көкшетауда 446 орындық екі балабақша іске қосылды, келесі жылы тағы үш балабақша құрылысы жалғасады.







