Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.
Пробация есбінде тұрған азаматтар мен азаматшаларға Сарысу ауданы көлемінде көптеген иігі іс –шаралар өткізіліп жатыр.
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні аудан тұрғындары арасында пробация есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандардың тұрмыc денгейін анықтау барысында аралау өткізілді.
Аралау барысында пробация есебінде тұрған азаматтар мен азаматшаларға жекелей адрестік жұмыстар жүргізілді.
Жаңатас қаласы бойынша анықталу барысында жалғыз басты, жұмыссыз, II-топ мүгедек, мүгедек баласы бар, II-топ мүгедек жалғыз тұрады. Жұмыссыз, декретте, II-топ мүгедектігі анықталды. Саудакент ауыл тұрғыны мүгедек баласы бар. Игілік ауыл тұрғыны II-топ мүгедектігі анықталды. Қамқалы ауылы бойынша жалғыз басты әке анықталды.
Осы тізімдегілер «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің арнайы жасалынған азық-түлік себеті таратылды.
Осындай игі істер алдағы уакытта жалғасын табуда.