«Сіздердің талап етулеріңіз дұрыс. Біз де, үкімет ретінде, талаптарды күшейтіп жатырмыз. Қазір біз секундтағы мегабит саны бойынша минималды деңгейді көтеріп жатырмыз. 5G-ге қойылатын талапты 50 мегабитке дейін арттыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз, әрі қарай да жалғастырамыз деп ойлаймын. Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін», – деді Мәдиев.
Ал пайдаланушыларға ескертусіз тарифтерді көтеруге тыйым салу мәселесі бойынша министрлік ешқандай шара қолдана алмайтындарын алға тартты.
«Бізде бағалар Кәсіпкерлік кодексі бойынша реттелмейді. Олар базалық станциялар мен антенна-мачталық құрылымдарға үлкен инвестиция құяды.Сол себепті біз оларға тыйым сала алмаймыз», – деп түсіндірді министр.