• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасының басталуын талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов британдық SEFE Marketing&Trading Limited компаниясының активтерді басқару жөніндегі вице-президенті Александр Демидовпен және қазақстандық «SAFC» ЖШС директоры Юрий Киммен кездесу өткізді.

18.11.2024
0
Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасының басталуын талқылады
27
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстандағы алғашқы орман климаттық жобасын іске асыру мысалында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 Қазақстан Президентінің қатысуымен 2023 жылғы желтоқсанда Дубайда өткен СОР 28 Дүниежүзілік климаттық саммиті аясында жасалған меморандум шеңберінде бүгін Астана қаласында британдық компанияның 30 жыл бойы орман отырғызуға және көміртегі бірліктерін шығаруда инвестицияларын көздейтін SEFE Marketing & Trading Ltd. және «SAFC» ЖШС арасында келісімге қол қойылды.

Жоба Алматы облысында 1500 га аумақта орман экожүйесін құруға бағытталған. Терек, қарағаш және ілеспе тұқымдарды (тораңғы, қайың, ерен ағашы, итмұрын, шырғанақ және басқалары) қоса алғанда, 3,3 млн ағаш отырғызу жоспарлануда. Іске асыру су үнемдеу технологиялары мен қарқынды агротехниканы пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады. Болжам бойынша, ластаушы заттардың шығарылуының орташа жылдық төмендеуі гектарына 26 тонна CO₂ құрайды. Небәрі 30 жыл ішінде 1,2 млн тонна көмірқышқыл газы жойылады, бұл гектарына 780 тонна CO₂-ға тең. Сонымен қатар агроорман шаруашылығын дамыту, экотуризм және жұмыс орындарын ашу тұрғысынан тиімді нәтиже күтілуде.

 Премьер-министр экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету бойынша бизнеспен бірлескен жұмыстың маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Жолдауында экология, Қазақстанның табиғи байлығын сақтау және көбейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ормандардың көбеюі біз үшін өте маңызды.  Біз экологиялық жобаларға шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Үкімет экожүйені қалпына келтіруге, көміртегі ізін азайтуға, жасыл экономиканы дамытуға және басқа да негізгі мәселелерге бағытталған жобаларды қолдайды», — деп атап көрсетті Олжас Бектенов.

SEFE вице-президенті Александр Демидов пен «SAFC» ЖШС директоры Юрий Ким әңгімелесу барысында жобаның Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін бірегейлігі мен маңызын атап өтті. Бастама – бизнестің, мемлекеттің және халықаралық әріптестердің тиімді өзара іс-қимылының үлгісі.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: кездесуҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас Бектенов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты