Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы «Жамбыл облысының бірыңғай 109 қызметі» КММ басшысының м.а Алтынай Тәжібаева айтты.
Жыл басталғалы 55 441 өтініш түсті. 49 634 өтініш өңделіп, толық жауап берілді. 5 145 өтініш мерзімінен кешіктіріліп жабылды. 329 өтініштің мерзімі ұзартылған. 221 өтініш өңделу барысында және 111 өтініш орындалмаған.
Мекеме ережесіне сәйкес өтініштер адам өміріне қауіптілігі мен қажеттілігіне байланысты орындалу мерзімдері бар. Мысалы, ашық құдықтар мәселесін жабуға 1 күн ғана беріледі. Бұдан бөлек, шағымдар мен ұсыныстарға 7 мен 15 күнге дейін мерзім қарастырылған.
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі