«Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингтің түсірілімі бойынша Жамбыл облысында 319 нүкте стихиялық қоқыс тастаған орындар анықталды.
Арнайы рұқсат етілмеген. Тексеріс нәтижесінде 244 стихиялық қоқыс орны тазартылды.
Стихиялық қоқыс орындар графикте көрсетілген мерзімде тазаланбаса, аудан әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарға жауапты орынбасарларына заң бұзғаны үшін айыппұл салынады.
Айта кетейік, бұған дейін Жуалы, Қордай, Жамбыл ауданының округ әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникация қызметі