Жамбыл облысы бойынша экология департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында 2024 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмысына тоқталды.
Яғни мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 29 тексеру жүргізді. 12-і – жоспардан тыс. 14-і – профилактикалық бақылау тексеру. 3-і – талапқа сәйкес тексеру.
Тексеру нәтижелері бойынша заң бұзушылықтардың 75 фактісі анықталып, 28 нұсқама берілді.
Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен прокуратура материалдары бойынша 62 әкімшілік іс қозғалды.
Оның ішінде жалпы сомасы 132 млн теңгеден асатын 59 әкімшілік айыппұл салынды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі