• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жайлы мектеп»: Таразда жаңа мектеп пайдалануға берілді

Turan Redaktor Turan Redaktor
06.11.2024, 21:14
Облыс жаңалықтары
«Жайлы мектеп»: Таразда жаңа мектеп пайдалануға берілді
175
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №66 мектептің салтанатты ашылуына қатысты. Білім беру нысаны Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жаңа мектеп 1200 орынға шақталған.

Бұл Жамбыл облысында ашылған екінші жайлы мектеп.

Салтанатты шарада Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, өңірде 12 жайлы мектептің құрылысын жүргізу жоспарланғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында білім ордасы есігін айқара ашып отыр. Жаңа оқу жылында дәл осындай білім беру нысаны Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында пайдалануға берілді.

Ұлттық жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге бағытталған. Біздің мақсат — балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін заманауи, қауіпсіз әрі ыңғайлы орта қалыптастыру, — деді облыс әкімі.

Жаңа білім ошағы Бәйтерек (13) шағынауданында орналасқан. Мектепте жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталған. Бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

Ғимаратта интерактивті тақтасы бар 59 оқу кабинеті, асхана, 2 спорт зал, 2 компьютер, 3 зертханалық кабинет, жайлы кітапханалар, шеберханалар мен коворкинг-орталық қарастырылған.

Бұдан бөлек, қосымша білім беру сабақтарын өткізуге арналған кабинеттер бар.

Жайлы мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға да толықтай бейімделген.

– Бүгін Бәйтерек шағынауданының тұрғындары үшін мерейлі күн. Балаларымыздың бағына орай үйіміздің маңынан жайлы мектеп ашылып отыр. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Заманауи білім ұясын салуға ықпал еткен Президентімізге зор алғысымызды білдіреміз, — дейді көпбалалы ана Ғалия Құланбаева.

Айта кетейік, биыл өңірде 41 білім беру нысанын салуға қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін 15 нысан балалардың игілігіне тапсырылады. 2025 жылы 26 білім ошағының құрылысы қарқын алады деп күтілуде.

Сонымен бірге 171 жаңа модификация кабинетін, 3 STEM- зертханасы және 3 робототехника кабинетін алу жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы әкімдігі

Тегтер: білімжайлы мектепЖамбыл облысыҚАРАШӨКЕЕВ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.