• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Биыл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бюджеттен 624 млрд теңге бөлінді

Бүгінде қоғамдағы инклюзияны көбіне өткір қажет ететіндер – ол мүгедектігі бар адамдар.

31.10.2024
0
Биыл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бюджеттен 624 млрд теңге бөлінді
61
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Қазір елімізде 732 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде балалар үлесі — 15%, 18-ден асқан адамдар — 85%, оның ішінде еңбекке қабілетті адамдар – 57%, зейнет жасындағылар – 27%. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарды қолдауға шығындар бюджеттің әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарының шамамен 11%-ын құрайды. Осы орайда, мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеміне 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен 624 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, жалпы мүгедектігі бойынша жәрдемақылардан басқа мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеру бойынша келесі негізгі бағыттарда жұмыс жүргізілуде. Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында елімізде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қызмет жүйесін жаңғырту басталды.

«Осылайша, Семей, Тараз және Кентау қалаларында 150 орындық 3 оңалту орталықтары қолданысқа берілді. Еліміздің 6 өңірінде (Шымкент, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз және Қостанай) аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларға және басқа да менталдық бұзушылықтары бар балаларға күндізгі болу орталықтары ашылды. Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдарды жөргектермен қамтамасыз ету нормасы ұлғайды, спина бифида диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдарға бір рет қолданылатын майланған катетерлер енгізілді, менталдық бұзушылықтарымен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емделу ұсынылады», – деді спикер.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжат мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшуге жағдай жасау түбегейлі жаңашылдық болып табылады. Инклюзивті саясатты жүзеге асырудың жаңа тәсілдері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік ықпалдасуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бақытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейді.

«Жалпы, тұжырымдама жобасы 13 бағытты қарастырады, оның ішінде: теңдік және кемсітпеу; құқықтық қорғау және сот төрелігіне қол жеткізу; өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау; инклюзивті еңбек нарығы және өндірістік орта; инклюзивті білім беру; қолжетімді көрсетілетін қызмет және кедергісіз орта», – деді ведомство өкілі.

Тегтер: инклюзиямүмкіндігі шектеулі азаматтар

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты