ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Әсет Бағдатұлы Шонов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Әсет Шонов 1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Еуразиялық гуманитарлық институтын бітірген.
Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктерінің құрылымдарында сарапшы болып жұмыс істеді.
2013 жылдан 2014 жылға дейін болды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жоспарлау және бюджет бөлімі жоспарлау секторының меңгерушісі
2014 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалық басқару департаментінің директоры, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2021 жылға дейін — ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
15.07.2021 бастап тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды.
Еңбекмині баспасөз қызметі