Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі сот жүйесін реформалау және процестік заңнамасын жетілдіру туралы заң жобасын 2-ші оқылымда қарады.
Жоба кассациялық сатыдағы азаматтық және қылмыстық істерді алдын ала қарау сатысын алып тастауды ұсынады.
Азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат емес, кассациялық шағым береді.
Сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша кассациялық қараудың бірыңғай ережелері енгізілуде.
Әкімшілік істер бойынша сот актілері оларға апелляциялық шағымданғаннан кейін заңды күшіне енеді.
Сонымен қатар, әкімшілік істер бойынша эксаумақтық соттылық талап қоюшының таңдауы бойынша енгізіледі.
Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді.
Оның негізгі мақсаты сот практикасын және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін зерделеу және қорыту болмақ.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі