• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Астанада бәйге жарыстары және көкпардан республикалық турнир өтеді

Көкпар турнирінің жалпы жүлде қоры – 12 000 000 миллион теңгені құрайды

03.10.2024
0
Астанада бәйге жарыстары және көкпардан республикалық турнир өтеді
38
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Астана қаласында 10-12 қазан күндері «Қазанат» атшабарында Республика күніне және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Ұлттық ат спорты фестивалі аясында бәйге жарыстары және көкпардан ересектер арасында Солтүстік аймақтың шабандоздарына арналған республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және көкпардан үздік спортшыларды анықтау мақсатында өтетін турнирге бүгінгі күнге дейін 7 команда тіркелді.

«Көкпарға қазіргі таңда бас аяғы 7 команда тіркелді. Атап айтқанда, Қарағандыдан 2 команда тіркелсе. Астана мен Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бір команда тіркелді. Тіркелу әлі де жалғасын табуда. Турнир бағдарламасына сәйкес, 10 қазан күні, турнирдің алғашқы күні көкпаршылар, шабандоздар, атбегілер келіп орналасып, мандат комиссиясы мен төрешілер алқасының отырысы, жеребе тарту, жарыс аттарын алаңмен таныстыру іс-шаралары өтеді. Жалпы 11 қазан күні көкпардан топтық ойындар басталады. Ал 12 қазан күні көкпардан финалдық ойындар ұйымдастырылады. Көкпар ойынында жүлделі алты орын болады. Көкпар турнирінің жалпы жүлде қоры – 12 000 000 миллион теңгені құрайды» — деді жарыстың бас төрешісі Ерлан Канапин.

Сондай-ақ фестиваль аясында бәйге түрлерінен сайыстар өтеді. Яғни бәйгенің құнан бәйге, жорға жарыс, топ бәйге, аламан бәйге ұйымдастырылады.

«Жалпы бәйге бойынша бүгінде онлайн түрде 8 ат тіркелді. Оның ішінде «Аламан» бәйгеге — 5 ат, құнанға – 3 ат.

Бәйге жарыстарының жалпы жүлде қоры – 20 000 000 милллион теңге. Соның ішінде «аламан» бәйге ғана 5 орынға дейін жеңімпаздарды анықтайды. Қалған бәйге түрлері 3 орын ғана « — деді Астана қаласы бойынша «Бәйге» федерациясының төрешісі Гульнара Базарханова.

Айта кетейік көпшілік көз тіккен жүйріктер додасының ашылу салтанаты 12 қазан күні сағат 11.00-де. Көрермендер үшін ұлттық ат спорты фестиваліне кіру тегін. Сондай-ақ, «Қазанат» атшабарына №№ 303, 309 және 323 автобустар қатынайды.

Астана қаласының әкімдігі

Тегтер: Астанакөкпарреспубликалық байқауұлттық ойын

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты