2024 жылғы 9-12 қыркүйекте, Алматыда өткен ACG 26-шы жылдық жалпы отырысына 200-ден астам шетелдік сарапшы қатысты.
Биыл Қазақстан алғаш рет Алматыда ACG 26-шы жылдық жалпы отырысын өткізу мүмкіндігіне ие болды. Оған әлемнің түрлі елдеріндегі 40-тан астам депозитарлық, биржалық және клирингтік ұйымдардың 150-ге жуық басшылары мен өкілдері қатысты.
Аталған шараны Қазақстандағы Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (KCSD) ұйымдастырды. ACG қатысушылары дүниежүзіндегі қаржы нарықтарын қазіргі заманға сай дамыту, халықаралық ынтымақтастық, Т+1 режиміне көшу, саланы цифрландыру секілді бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
KCSD төрағасы Әділ Мұхамеджанов Қазақстанда мұндай маңызды шараны өткізу үлкен мәртебе екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір бүкіл әлем бойынша орталық депозитарийлер маңызды өзгерістерді бастан кешіруде.
— Осыған орай, Қазақстан жаңа технологияларды енгізуде. KCSD операциялық құрылымы жетілдіріліп, клиенттер мен мүдделі тараптарға қызмет көрсету сапасының артуы мен кеңеюі байқалады. Дегенмен, тиімді өзгерістер, тұрақтылық пен тәуекелдерді азайту үшін шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатып, идеялар мен тәжірибе алмасу қажет,- дейді Мұхамеджанов.
2024 жылдың 11 қыркүйегінде Алматыда өткен кездесуде Пәкістан Орталық депозитарийі басқарма төрағасы Акбер Бадиудинге ACG төрағасының жаңа басшысы өкілеттілігін тапсыру рәсімі өтті.
Сондай-ақ, ACG төрағасының жаңа орынбасары болып, Иранның Орталық депозитарийі басқармасы төрағасы Мохаммед Багестани тағайындалды.
Венхуа Дай мырза конференцияның барлық қонақтары мен ұйымдастырушыларына шараға қатысқандары және оның жұмысына қосқан зор үлестері үшін алғыс білдірді.
-Алматының алтын күзінде, біз ACG 26-шы жылдық конференциясын қазақстандық әріптестеріміздің жылы қонақжайлылығы арқасында сәтті өткіздік, — деді Венхуа Дай мырза, — Бәріміздің де керемет естелігіміз қалатын болды. Алда ACG 27 жылдығының келе жатқанын және осы уақытқа дейін өткен жолымызды ой елегінен өткізе келе, біз Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық ғажайып сәттердің куәсі болып отырмыз. Бұл Орталық Азиядағы саясаттың, экономиканың, мәдениеттің және жаһанданудың дамуы. Егер 5 жыл бұрын, біреу Қазақстан қаржы инфрақұрылымын жаһандық басқаруда маңызды рөл атқарады деп айтқанда, бұл күмән тудыруы мүмкін еді. Дегенмен, осы күзде біз оған толық қол жеткізуге болатынын дәлелдедік! KCSD-дің Азия-Тынық мұхиты аймағындағы және жаһандық деңгейде қаржылық инфрақұрылымды басқару жұмыстарына белсенді қатысуы, бұл тамаша елдің болашақтағы экономикалық дамуда әлемдік қауымдастықтың назарын көбірек аударатынын көрсетеді.
Алматыда өткен ACG 26-шы жылдық жалпы отырысына Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) басқарушы директорының орынбасары, ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылары, Clearstream, Euroclear, DTCC, ISSA, KASE, AIX компаниясының жетекшілері, сондай-ақ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Индонезия, Үндістан, Тайвань, Вьетнам, Сингапур орталық депозитарийлері мен биржаларының басшылары және 40-тан астам шетелдік ұйым сарапшылары құрметті қонақ ретінде қатысты.
Іс-шараның демеушілері: Visit Almaty, Freedom Broker, Elidi Securuties, KASE, Tengri Partners, Qanat Invest, Montran, Eurasian Development Bank, Wanli Stone.
Анықтама:
ACG – 1997 жылы құрылған Азия-Тынық мұхиты аймағындағы орталық депозитарийлер қауымдастығы. Оның негізгі мақсаты – клиринг пен есеп айырысу саласының тиімділігін арттыру мақсатында секторлар арасында ынтымақтастық орнату. KCSD 17 жыл бойы (2007 жылдан бастап) ACG мүшесі.
KCSD пост-трейдинг қызметтер саласындағы қазақстандық қаржы нарығының негізгі инфрақұрылымдық ұйымы болып табылады және 25 жылдан астам қызмет көрсетіп келеді. Ол бағалы қағаздарға қатысты меншік құқығын есепке алатын бірыңғай орталық, барлық биржалық және биржадан тыс мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады, сондай-ақ, жергілікті қатысушыларға бағалы қағаздармен есеп айырысудың халықаралық жүйелері бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
2024 жылдың 1 қаңтарындағы деректерге сай, KCSD номиналды ұстауындағы қаржы құралдарының жалпы көлемі 126,61 трлн теңгені құрап, бір жыл ішінде 13,9%-ға өсті. Депозитарлық қызметтегі бағалы қағаздар шығарылымының мөлшері де ұлғайып, 2024 жылдың басында жалпы саны 2386-ға жетті. Бүгінгі таңда, KCSD-де 3 миллионнан астам брокерлік шот тіркелген.






