Сот саласы үздік әлемдік стандарттарға сәйкес болып келеді. Көп елдерден көш ілгеріміз. Алайда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздікбәрінен қымбат» атты мақаласында «Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үшонжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясытүргысынан гасырдың жүгін арқалап тұр» дей келе, «Алдағы төртінші онжылдықтыңбізге жүктейтін міндеті — қуатты елдің несі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заманталабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет. Біз әділеттіқоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез-келген істе әділдік қағидатынбасшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұргындардың тұрмысынжақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан етуартық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесінбірдей қоргау қажет.Сот жүйесі Қазақстан Президенті Қ.Ж.Тоқаев мақсат етіп қойган«Әділетті мемлекет кұру» тұжырымдамасында маңызды ролге ие. Шын мәнінде «Халықүніне құлақ асатын мемлекет» кұра алсақ, ел болашағы жарқың болатыны сөзсіз. Осы тұста бір мәселеге көңіл аудару керек. Әлбетте, қарапайым халық арасында сот қабылдаған шешімдерге риза болмайтындар да болады. Оның әртүрлі себептері де бар. Құқықтық сауаттылықтың төмен деңгейде болуы себепті кейде сот шешімі қарапайымхалыққа әділетсіз, заңсыз болып көрінеді.
Осыған орай, жоғары түрған соттарға шағым да көп түсетін. Алайда, соңғы сот жүйесінеенгізілген жаңашылдықтың бірі – бұл бағыттағы көрсеткіштердің азаюына септігін тигізіпотыр. Яғни, бүгінгі күні әр судья өз шешімін жария еткен соң оны қарапайым тілмен сот процесіне қатысушыларға түсіндіруі керек. ҚР Жоғарғы Соты осындай міндетті әрсудьяга жүктеп отыр. Бұл тәжірибиенің енуі он нәтижелерге әкеліп отырганынжасырмауымыз керек. Осылайша, кұргақ заң тілін түсінбейтін халыққа қабылданғаншешімнің не үкімнің, қаулының себебі, қандай нормага сүйенгені, шешімнің негіздерітүсінікті тілмен айтылып жүр. Судьялар тіпті бұл бағытта білімдерін толықтырып, дағдыларын жақсарту үшін мамандар дәрісін алуда. Бұның бәрі қарапайым халық соттыңшешімін түсінуі үшін жасалып отыр. Осы іспеттес халыққа бағытталган бастамалар көпболуы керек деп есептеймін.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылғансотының судьясы Д.Дуанбеков