Балаларды қамту деңгейі 91,5%-ды құрайды.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 77 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарлануда.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады. Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Қостанай облыстарында балалардың мектепке баруына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды жасақтау аяқталды. Өзге өңірлерде бұл жұмыс тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді жергілікті атқарушы органдар электрондық үкіметтің веб-порталы немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін талап етілетін құжаттармен https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/820504?lang=kk сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі