Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауқымды іс-шара тарихи оқиғаларға толы болмақ.
Яғни спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтеді. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шығады.
Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өтетін Трокадерода аялдайды.
Іс-шараның көркемдік жетекшісі — театр режиссері Томас Жолли.
Ашылу салтанатына 3000 өнерпаз қатысады, сонымен қатар көрермендер Селин Дион мен Леди Гаганың өнерін тамашалай алады.
Қазақстан жанкүйерлері Олимпиаданың ашылу салтанатын сағат 22:30-да Qazaqstan, QAZSPORT, Jibek Joly және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
ҚР Туризм және спорт министрлігі