20 шілдеде «YDD Corporation» ЖШС (Қарағанды қ.) ферроқорытпа зауытында болған топтық жазатайым оқиға салдарынан 25 шілдедегі жағдай бойынша 4 адам қаза тапты.
Осыған байланысты, ҚР Еңбек кодексіне (188-баптың 4-тармағы) сәйкес, ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың төрағалығымен топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі республикалық арнайы комиссия құрылды, онда жазатайым оқиғаның себептері анықталып, кінәлі адамдар анықталады. Комиссия құрамына Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаментінің өкілі және жұмыс беруші кірді.
Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі