• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Тараз гарнизонының дәрігерлері полигонда тексерістен өтеді

Тараз қаласы әскери госпиталінің дәрігерлері жұмылдыру жаттығуын  бір жарым ай бойы Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында өткізетін болады.

24.07.2024
0
Тараз гарнизонының дәрігерлері полигонда тексерістен өтеді
64
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Осы орайда олар өздерімен бірге далалық жағдайда медициналық көмек көрсетуге арналған модульдік жылжымалы далалық госпитальді алып шықты. Алты жүз шақырымдық шеруді артта қалдырған Тараз қаласы әскери госпиталінің дәрігерлері бара сала әскери дала госпиталін орналастыруға кірісті.

Модульдің техникалық сипаттамалары аз уақыттың ішінде шатырлы далалық аурухананы орнатып және тез арада науқастарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Тамыз айында Сарышаған полигонында өтетін жұмылдыру жаттығуларына әскери міндеттілер тартылған. Егер олар немесе офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайда әскери дәрігерлер жәрдем көрсетуге әрқашан дайын.

Модульдік әскери-далалық госпиталь қабылдау бөлімі, операциялық бөлме, таңу бөлмесі, зертхана, рентген жабдықтары, дәріхана, лазарет және көлік сынды барлық қажетті заттармен жабдықталған.

Модульдік госпитальдың құрамдас бөліктері КАМАЗ автокөлігінің базасындағы арнайы контейнерлерге орнатылған. Бұл госпиталь автономды болған жағдайда және кез келген уақытта түрлі бағытта қозғалуына мүмкіндік береді.

Полигонға шеруге шығу және модульдік далалық госпитальді өрістету – бұл біздің жұмысымыздың маңызды элементтері. Сондықтан біз өзіміздің де, техникамыздың да мобильді болуын және жедел медициналық көмек көрсетуге кірісу қабілетін тексереміз. Біз шеруді 12 сағат бойы тоқтаусыз жүріп өттік. Алғашқы тапсырма орындалды. Енді одан кейінгі жұмысқа кірісеміз. Жылжымалы модульдік әскери госпитальдің бір ерекшелігі – көзделген жерге келгеннен кейін ол базаға айналып, онда басқа дәрігерлер де жұмыс істей алады, – деп атап өтті Тараз қаласы әскери госпиталінің медициналық бөлім бастығы медицина қызметінің майоры Ернар Садықов.

Бұл жолы да Сарышаған полигонындағы Тараз әскери госпиталінің әскери дәрігерлері мен медбикелеріне Астана, Алматы, Қарағанды және Үшаралдан келген әріптестері қосылды. Біріккен дала госпиталін медицина қызметінің майоры Ернар Садықов басқарады. Оның басшылығымен әскери дәрігерлер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікте болып, оқу-жаттығуға қатысушыларға қажетті медициналық көмек көрсетеді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: әскери гарнизонәскери қызметкердәрігерҚарағандыҚорғаныс министрлігіТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты