2022 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен (бұдан әрі — Департамент) ЖШС-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 43746,5204 га пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды.
Осыған байланысты, 2022 жылғы 27 маусымда ҚР Жер кодексінің 92, 94 баптарына сәйкес 1 жыл мерзімге жер учаскесін пайдалану қажеттілігі туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді. Алайда нұсқама орындалмағандықтан ағымдағы жылғы 8 қаңтарда Департамент Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (бұдан әрі — СМЭС) меншік иесінен (жер пайдаланушыдан) жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді.
СМЭС-тің 2024 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен Департаменттің талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.
2024 жылғы 16 шілдеде апелляциялық сатыдағы соттың қорытындысы бойынша аталған сот шешімі заңды күшіне енді.
Осылайша, Департамент мемлекеттік жер қорына жалпы көлемі 43746,5204 га жайылымдық жерлерді қайтарып берді.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті