• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Бектенов контрафактілік өнімдермен күресті күшейтуді тапсырды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңес барысында сауданы цифрландыру арқылы көлеңкелі экономиканы азайту мәселелері қаралды.

13.07.2024
0
Бектенов контрафактілік өнімдермен күресті күшейтуді тапсырды
47
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сауда және интеграция, Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің атқарып жатқан жұмыстары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдерінің пікірлері тыңдалды.

Жиынға қатысушылар көлеңкелі экономикамен күресте тиімді құралдардың бірі болып саналатын тауарларды таңбалауды енгізудің оң әсерін атап өтті.

Қазақстанда темекі және аяқ киім бұйымдары, сонымен қатар биылғы 1 шілдеден бері барлық дәрі-дәрмектер сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жатады.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін оның барлық түрлері бойынша акциз түсімдері 25%-ға өскен. Сонымен қатар контрафактілік өнімдерді анықтау мүмкіндігі артты.

Мәселен, елімізде 2022 жылдан бастап 2024 жылдың І тоқсанына дейін 15 млрд теңге көлемінде заңсыз темекі өнімі тәркіленді.

Бұл ретте импортталған аяқ киім бұйымдарынан ҚҚС және кедендік баж түсімдері 293%-ға: 2021 жылғы 7,8 млрд теңгеден 2023 жылы 30,7 млрд теңгеге дейін  өсті.

Сонымен қатар таңбалауды тауарлардың басқа топтарына енгізу жоспарлары талқыланды, алдағы 5 жылға арналған болжамдарға сәйкес, оны іске асыру көлеңкелі айналымды тағы да 926 млрд теңгеге қысқартуға, бақыланатын экономиканың үлесін 23%-ға, бюджет түсімдерін 270 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Біз экономиканың ашық әрі заңды жүруіне, нарығымыздың толық қадағалануы мен ашықтығына қол жеткізуіміз керек. Бұл ретте бизнес мүдделері ескерілуі тиіс. Орта мерзімді перспективада тауарларды таңбалауға көшудің нақты кестесі мен мерзімдерін әзірлеу қажет. Кәсіпкерлер өздерін алдағы уақытта не күтіп тұрғанын білуі керек. Егер біз  тауарлардың жекелеген топтары бойынша артта қала бастасақ, онда өндірушілерімізге қосымша мемлекеттік қолдау көрсету шараларын пысықтау қажет, — деп Олжас Бектенов, салалық мемлекеттік органдарға таңбалауды енгізудің оң әсерлері туралы жұртшылық пен бизнесті хабардар ету жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ Қазақстанда Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесінің пилоттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Аталған жоба тауарлардың жеткізушілерден сатып алушыларға өтуін қадағалауға, бүкіл жеткізу тізбегін бақылауға, нақты уақыт режимінде тауарлардың өңірлік ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері қоймаларында болуы және қозғалысы туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ деректерді өңдеу уақытын қысқартады әрі тауар айналымын бақылаудың тиімділігін арттырады.

Пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде 89,4 млрд теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің шарттары 100% цифрландырылды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер мен өткізушілердің 95%-ы қамтылды.

Бұған қоса, Ұлттық жүйені кеңейту және оған 58 тауар позициясынан тұратын азық-түлік себеті мен соның негізінде инфляция есептелетін 488 тауардан тұратын тізбені енгізу жоспарлары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Үкімет басшысы тиісті министрліктерге контрафактілік тауарларды анықтау шараларын күшейтуді, сондай-ақ аяқталған пилоттық жобалар бойынша тауар топтарын міндетті таңбалауды енгізу және бағалардың сенімді әрі жедел мониторингін қамтамасыз ету мақсатында тауарлардың бірыңғай каталогын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселелерін пысықтауды тапсырды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Тегтер: ҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас БектеновСауда және интеграция министрлігі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты