• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

60 672 жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру шаралары қаралды.

12.07.2024
0
60 672 жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады
40
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Басқосуда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады.

Биыл 60 672 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған десек, 1 шілдедегі жағдай бойынша жылдық жоспар 56 пайызға (33 963 адам) орындалған.

Бүгінде 26 867 адам жұмысқа орналасты. Ал, 13 507 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жыл соңына дейін тағы 20 076 жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, 18 239 адам тұрақты жұмысқа орналасады деп көзделуде, – деді басқарма басшысы.

Жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында 33 440 жұмыс орны құрылды. Мемлекет басшысының «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес облыста 14 331 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Электронды еңбек биржасы арқылы 1 122 адам жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 13 360 адам тартылып, есепті кезеңде оның 1500-ге жуығы тұрақты жұмысқа ауысты. 3 922 жұмысссыз кәсіптік оқумен қамтылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни 504 адамға қайтарымсыз грант берілді. 362 адамға 2,5 пайыздық микрокредит беру жоспарлануда.

Өңірдегі 55 423 адамды атаулы әлеуметтік көмекпен (АӘК) қамту көзделген. Қазіргі таңда 5 239 отбасындағы 28 044 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұдан бөлек, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 8 692 балаға ай сайынғы қосымша төлем төленді. АӘК алатын, еңбекке қабілетті 4,9 мың адам жұмысқа орналасты.

Басқосуда облыс әкімі басқарма басшысынан бұған дейінгі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысын сұрады.

Сонымен бірге халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері төмен қалыптасқан аудан әкімдерінен есеп алынды.

Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту – біздің басты міндетіміз. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалардан шет қалмауы тиіс. Сондықтан ортақ іске жұмылып, қолға алынған шаралардың мүлтіксіз орындалуына күш салу қажет, – деген Ербол Қарашөкеев жауапты басқармаға аудан, қала басшылығымен бірлескен жұмысты ретке келтіруді тапсырды.

Ербол Қарашөкеев электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың зейнетақы жарналары тұрақты түрде аударылуы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заң талаптарының сақталуына жіті көңіл бөліп, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды ескертті.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Жамбыл облысыжұмыс орныжұмыспен қамтужұмыссыздық

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты