• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

БАЛАЕВА ЗАҢҒА БАҒЫНБАЙ КЕТКЕН ӘНШІЛЕР ЖАЙЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ АИДА БАЛАЕВА ЖАҒЫМСЫЗ ӘРЕКЕТ ЕТКЕН МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫ СЫНАДЫ

turan_admin turan_admin
07.07.2024, 16:49
Қазақстан жаңалықтары, Мәдениет
Аида Балаева

Аида Балаева

120
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Министр Аида Балаева мәдениет саласындағы белгілі азаматтарға қатысты жағымсыз оқиғалар, кейде тіпті заңсыз әрекеттер жиілеп кеткен туралы пікір білдірді.

Құрметті достар!
Қоғамды қарыштап өсіретін де, тұқыртып өшіретін де — мәдениет. Мәдениет тек өнер мен білім, озат талғам пен тазалык емес. Бұл, ең алдымен, адамның ішкі руханияты, халықтың өркениеттік болмысы. Ендеше, сол мәдениеттің туын көтеріп, өнердің тасын өрге домалатып жүрген әрбір майталман — елге үлгі, қоғамға бағдар болуы шарт.
Өкінішке орай, соңғы кезде мәдениет саласындағы белгілі азаматтарға қатысты жағымсыз оқиғалар, кейде тіпті заңсыз әрекеттер жиілеп кетті. Әрине, жеке-дара адам ретінде, қарапайым азамат ретінде кімге болса да пендешілік тән қасиет. Адам болған соң қателесуің мүмкін, бірақ оның арты заңды аттауға бармауы тиіс. Өзін нағыз “мәдениет қайраткерімін” дейтін жан үшін танымалдық заңсыздыққа жол беретін құдырет емес. Олар қашанда ұлт мәдениеті дамуының қозғаушы күші саналады. Сондықтан олардың көпке ықпалы тек өнеге, насихат, жақсылыққа арқау болуы тиіс. Мәдениет қайраткерлері Заң мен Ұрпақ алдындағы осынау үлкен жауапкершілігін түсінуі керек. Бұл мемлекет басшысының барша қазақстандықтардан талап етіп отырған бірегей үндеуі. Лауазымына, танымалдылығына, қоғамдағы орнына қарамастан, заң бәріне ортақ.
Ал мемлекет осы қағиданың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін болады.
Сөз жоқ, Ұлы Абайдан бері келе жатқан қоғамдағы надандықпен күрестің алдыңғы шебінде мәдениет майталмандары жүруі тиіс. Осы орайда мен баршамызды осыны ұмытпауға шақырамын!
Біз құқықтық тәртіп пен өзара құрметке негізделген әрі мәдени құндылықтарымызды қастер тұтатын қоғамды бірге құра аламыз. Және бұл біздің болашағымыздың берік негізі бола алады деп сенемін.

Қабатов 2 маусымда таңертең мас күйінде Алматы – Астана рейсінде балағат сөз айтқан. Сотта Қабатов бортсеріктердің жұмысына көңілі толмағанын, осыған байланысты сөз айттым деген. Бірақ ол ұшақта балағат сөз айтқан-айтпағанын білмейді, дегенмен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған. 28 маусым күні Қабатов «ұсақ бұзақылық жасады» деген айыппен 5 күнге қамалды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әншіге қатысты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық (ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі) және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігі) фактілері бойынша әкімшілік істі қарады.

«ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. 434-баптың 2-бөлігінің санкциясы 15-тен 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті көздейді», делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

5 шілде күні сот қаулысымен Қайрат Нұртас 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, БАҚ мәліметінше әнші ұшақ бортында сөзге келіп қалып, жанжал кезінде басқа жолаушының денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сондай-ақ, 6 шілде күні сот шешімімен KIA Carnival жолаушысы Әбдіжаппар Әлқожа құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін ол да 10 тәулікке қамалды.

TURANINFO.KZ

Тегтер: Аида БалаеваӘбдіжапар Әлқожақайрат нұртастұрсынбек қабатов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.