• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан педагогикалық білім беруді белсенді дамытуда

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметімен танысты.

01.07.2024
0
Қазақстан педагогикалық білім беруді белсенді дамытуда
36
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгінде ұстаздар ұстаханасы саналатын оқу орнында 5 институт, 24 кафедра аясында 9 мыңдай студент білім алады. Педагогикалық білім беруді күшейту мақсатында Дүниежүзілік банктің қолдауымен ерте жастағы және ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуге үйретуге мүмкіндік беретін дидактикалық, әдістемелік жабдықтары бар инклюзия кабинеттері әзірленді.

«Ерте жастағы балаларды дамыту және отбасын зерттеу орталығы» елімізде алғаш рет ашылып отыр. Сондай-ақ мамандар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетуде. Вице-премьер бұл бастамаға оң баға беріп, балалармен жұмыс істейтін болашақ мамандарға бұл таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті.

Университетке тиесілі 3 оқу корпусы 5 мың орынға шақталған. Сондықтан инфрақұрылымды кеңейту мәселесі өзекті болып отыр. Биыл оқу орны ауданы 12 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимаратты иемденіп отыр, онда гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, физика, математика және цифрлық технологиялар институттары жұмыс істейтін болады.

Тамара Дүйсенова университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, онда саланың өзекті мәселелері талқыланды. Білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін іске асырудағы мұғалімдердің рөліне ерекше назар аударылды.

«Бізде жыл сайын 400 мың бала дүниеге келеді. Есепке сүйенсек, 2030 жылдан кейін еңбек нарығында 2003 жылдан бері дүниеге келгендердің үлесі басым болады. Сондықтан ертеңгі күні еліміздің дамуына жұмыс істейтін азаматтардың қалыптасуына білікті педагогтердің тәлімі ауадай қажет. Бұл – егемендіктің сақталуына кепіл болатын фактор», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Биыл Қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 80 жыл толмақ. Ұстаздар ұстаханасы атанған іргелі оқу орнының бұл белесін ел көлемінде атап өту жоспарланған. Тамара Дүйсенова осы бастаманы қолдайтынын жеткізді. Бұл ретте ұйымдастырылатын шаралар педагогика саласының осы жылдар арасында қандай өзгерістерге тап болғаны, бүгінгінің ұстазы қандай болуы керек екеніне мән беретін танымдық сипатта өтуі керектігіне тоқталды.

Primeminister.kz сайты

Тегтер: ҚР ҮкіметіПЕДАГОГИКАТАМАРА ДҮЙСЕНОВА

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты