Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің көптеген сұрауларына байланысты Агенттік келесіні хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.
Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.
Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.