• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда тау қорықшысы полкінің сарбаздары әскери ант қабылдады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде әскери ант беру рәсімі өтті.

Turan Redaktor Turan Redaktor
27.05.2024, 21:37
Облыс жаңалықтары
Таразда тау қорықшысы полкінің сарбаздары әскери ант қабылдады
126
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Салтанатты іс-шара Кеңес Одағының Батыры,  № 1 Халық қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асты.

Оңтүстік өңірде осы көктемде әскери қызметке шақырылған екі мыңға жуық жас сарбаз туған Отанына адал болуға ант берді. Солардың қатарында Қазақстан Қарулы күштеріндегі бірден-бір тау қорықшысы полкінің мерзімді қызмет сарбаздары да әскери ант қабылдады.

Әріптестері мен командирлердің, сондай-ақ ата-аналарының қатысуымен өткен іс-шарада жас жауынгерлер Отанын қорғауға, әскери қызметтің ауыртпалықтарын табандылықпен көтеруге, Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне адал болуға ант берді.

Әскери анттағы әр сөз үлкен мағынаға ие. Оны салтанатты жағдайда оқыған соң ғана әскерге шақырылушы толыққанды әскери қызметшіге айналады. Сол арқылы әскери қызметті дұрыс атқару мен антқа адал болу жауапкершілігін өз мойнына алады, – деп атап өтті «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков.

Ант беру рәсіміне тау қорықшысы полкінің сарбаздары бір ай бойы дайындалды. Осы уақыт ішінде олар әскери өмір салтымен, полк тарихымен танысып, жас жауынгер курсын игерді. Жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, саптық, атыс және дене дайындығынан өтті.

Мен қызмет етуге келген әскери бөлім еліміздегі бірегей бөлім. Қазақстанда ол жалғыз, әрі Бауыржан Момышұлының отанында орналасқан. Бұл бізге қосымша жауапкершілік жүктейді. Сол себепті ұлы қолбасшының есімі мен даңқына сай болуымыз керек, – деді Шымкентен шақырылған қатардағы жауынгер Рамазан Айдосұлы мақтанышпен.

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласынан келген Алексей Кононовтың анасы Светлана Пешкова да ұлының әскерде қызмет өткеру туралы шешіміне бірден қолдау көрсеткен.

Армиядағы қызмет жігіттерге ауадай қажет. Өйткені олар әскерде ер азамат болып жетіліп, қатаяды, – деді Светлана.

Ол сондай-ақ, командирлер ұлдарына әскери істі игеруде және қызмет барысында кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектесетініне сенім білдірді.

Әрбір жас әскерде қызмет өткеру керек деп есептеймін. Бұл жерде мінезі қалыптасып, ең жақсы азаматтық қасиеттері дамиды, – деп толықтырды сарбаз Төлепбек Нұрғалиұлының анасы Жанат Төреқұлова. – Біз ұлымызды бала кезінен бастап әскери борышты құрметтеуге тәрбиеледік. Ол енді қызмет етуге дайын.

Айта кету керек, тау қорықшысы полкі табиғаты көркем, Терісбұлақ су қоймасының жағасында, тау жотасының етегінде орналасқан.

Маған бұл өлкенің табиғаты қатты ұнады. Айналаның бәрі тамаша. Әр таң сайын көңіл-күйім көтеріліп оянамын, – дейді Өскемен қаласынан қызмет етуге келген мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Данил Еникушкин. – Шынымды айтсам, мен қазірдің өзінде келісімшарт бойынша осында қызмет етуді ойластырып жатырмын. Әйтсе де, әрине, оны уақыт көрсетеді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрінің орындауындағы әскери марштар салтанатқа қатысушылардың жауынгерлік рухы мен көңіл-күйін көтеріп тастады. Сарбаздардың ата-аналары үшін қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі ұйымдастырылып, әскери бөлімнің аумағы бойынша экскурсия жүргізілді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: ант қабылдадыҚорғаныс министрлігісарбазТараз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.