Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі — 561 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1002 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастыруда.
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 95%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.
Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 95%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.
Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 85,5%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасы 64%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр. Өңірде су тасқыны аяқталды.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.